Минск тобы Қарабақ аймағындағы атыстарды толығымен тоқтату қажеттілігін қуаттады
Минск тобы Әзірбайжан мен Армениядан Қарабақ аймағында жарияланған атыс тоқтату бітімін толық сақтауды талап етті.
Франция ақпарат агенттігінің Венадан хабарлауы бойынша, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында Қарабақ дағдарысын талқылау үшін жиналған Минск тобы сейсенбі күні Армения мен Әзірбайжан үкіметтерінен Қарабақ аймағындағы атысты тоқтату бітімін бұзбауды талап етті.
Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Венада өткен отырыстың қорытынды мәлімдемесі бойынша, Минск тобының өкілдері алдағы күндері Ереван, Баку және Қарабақ аймағына сапар шегеді.
Қазіргі кезде Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезеңдік басшысы болып отырған Германия Сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайер Қарабақ аймағындағы атыс тоқтатуды үміттендіретін жайт деп бағалап: «Аталмыш ұйым аймақтағы қақтығыстар мен тынышсыздықтардың күшеюінің алдын алуға талпыныс жасайды»,- деп қуаттады.