Зариф: Вена отырысында Иран халқының мүдделерін қамтамасыз ету қуатталды
(last modified Sat, 07 Jul 2018 12:31:02 GMT )
Шіл 07, 2018 18:31 Asia/Almaty
  • Зариф: Вена отырысында Иран халқының мүдделерін қамтамасыз ету қуатталды

Иран СІМ Зариф "Ортақ қадам" келісімінде қалған елдердің СІМ-лері ортақ комиссиясының Венада өткен отырысы аяқталған соң жасаған мәлімдемесінде: "Иран халқының мүдделері "Ортақ қадам" негізінде қамтамасыз етіліп, келісімнің қалған мүшелері осы мәселені қуаттады",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні тілшілердің алдында сөйлеген ссөзінде: "Бұл өте маңызды әрі сындарлы отырыс болды. АҚШ "Ортақ қадамнан" біржақты түрде шыққаннан кейінгі екі айдың ішінде Иранның "Ортақ қадам" аясындағы экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету үшін көп талпыныс жүзеге асырылды. Иран "Ортақ қадамның" басқа мүшелерінің өтінішімен өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне көз жеткізу мақсатында АҚШ-тың үлкен заң бұзушылығына қарсы әрекеттерін жүзеге асыруды кейінге қалдырды",- деді.

Зариф сондай-ақ, Иран президентінің еуропалықтардың "Ортақ қадамды" сақтап қалу үшін Иранға тапсырған ұсыныстар пакетінің үмітсіздік тудыратындығына тоқталып: "Қазіргі таңға дейін АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығу мәселесі шешілмей, бұл мәселе осылай қалып отыр. Сондықтан Иранның өз мүдделері негізіндегі келесі іс-шараларын жүзеге асыру құқығы сақталған.

"Ортақ қадамның" барлық мүшелерінің СІМ-лер деңгейіндегі саяси еркі – АҚШ-тың әрекетіне қарсы табандылық танытуы болды. Енді бұл ерік іс жүзінде жүзеге асырылуы тиіс",- деп баса айтты.