НАТО басшылары отырысының мәлімдемесінде Иранға қарсы уәждер қайталанды
(last modified Thu, 12 Jul 2018 18:43:10 GMT )
Шіл 13, 2018 00:43 Asia/Almaty

Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымының (НАТО) басшылары отырыстың алғашқы күні жариялаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Иранның қорғаныстық бағдарламасына қарсы уәждерін қайталады.

Euro News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, НАТО мүшелері сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде өз кінәсін басқаға таңу арқылы Иранның зымырандық сынақтарына қатысты алаңдаушылық білдіріп, бұл елдің зымырандық саладағы әрекеттерін Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздық тудырушы фактор деп атады.

Мәлімдемеге сәйкес, аталмыш ұйым Иранның Таяу Шығыс аймағында жалған Израиль режиміне қарсы қарсыласу қозғалысын тоқтатуды сұраған. Сонымен қатар, мәлімдемеде араласушылық ұстаным арқылы Ираннан өзінің қорғаныстық әрекеттерін доғару сұралған.

НАТО ұйымына мүше елдер Иранның ядролық әрекеттерінің бейбіт сипатқа ие екендігі мен оның АҚХА-мен әріптестігін жалғастыруы мен ядролық қаруға қол жеткізбегеніне көз жеткізуге міндеттелді.

НАТО ұйымының Иранның ядролық саладағы бейбіт әрекеттеріне қатысты күмәндануы АҚХА-ның қазіргі кезге дейінгі есептерінде Иран әрекеттерінің бейбіт сипатқа ие және "Ортақ қадам" мазмұнына беріктігін растаған жағдайда орын алып отыр.