Велаяти Ресей президентімен кездесті
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Ресей президенті Владимир Путинге мәртебелі жетекші мен Иран президентінің жолдауларын жеткізді.
Али Акбар Велаяти Ресей президентінің Мәскеудің солтүстік-батысындағы Ново-Огарёво аймағындағы резиденциясындағы кездесуінде Путинге Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеи мен Иран президенті Хасан Руханидің жолдауларын ауызша жеткізді. Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі сәрсенбі күні жоғары дәрежелі делегацияны бастап, Ресейдің астанасы Мәскеуге келіп жетті. Велаяти Мәскеуге келіп түскенде Иран мен Ресейдің өте маңызды стратегиялық байланыстарына тоқталып, Теһран мен Мәскеудің соңғы жылдары екі жақты, аймақтық және халықаралық байланыстарының арта түскенін мәлімдеді.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Ресейдің басқа да басшыларымен кездесіп, Валдай клубында баяндама жасайды.