Путин Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын сынады
(last modified Tue, 17 Jul 2018 14:40:31 GMT )
Шіл 17, 2018 20:40 Asia/Almaty

Ресей Президенті америкалық әріптесінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын сынап, Мәскеудің бұл салада алаңдаушылық білдіргенін мәлімдеді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Владимир Путин Дональд Трамппен Хельсинкиде өткізген ортақ баспасөз отырысында: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарамастан Иранның ядролық бағдарламасын бақылап, бұл елдің ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатты көздейтіндігіне кепілдік береді",- деді. Путиннің бұл сөзі Трамптың Иранның "ядролық армандарының" алдын алу үшін Иранға қысым көрсету туралы сөзіне қатысты айтылды.

АҚШ Президенті өз елінің лаңкестікке, әсіресе ДАИШ тобына қолдау көрсетуіне тоқталмастан: "Путинмен Иранның ДАИШ-тың жеңілуін өз мүддесіне пайдалануына рұқсат етпеу туралы сұхбаттастық",- деді.

Трамп Путиннің оның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын сынағаны туралы еш нәрсе айтпай: "АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы еш уақытта осы кездегідей жаман болған жоқ, бірақ бұл жағдай осыдан бірнеше сағат бұрын өзгерді",- деп мәлімдеді.