Иран мен Пәкістан лаңкестікке қарсы ортақ күрес жүргізу керектігін қуаттады
(last modified Wed, 18 Jul 2018 09:25:16 GMT )
Шіл 18, 2018 15:25 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан лаңкестікке қарсы ортақ күрес жүргізу керектігін қуаттады

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери мен Пәкістан Армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Қамар Джавид Баджва сейсенбі күні ортақ мәлімдеме жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Қарулы күштері бас штабы басшысының Пәкістан сапарының соңында жарияланған мәлімдемеде екі елдің қауіпсіздік орнату, лаңкестікпен күресу, сондай-ақ, мәліметтермен алмасу салаларында ынтымақтастық жасауға келіскендері айтылды. Осы құжат бойынша, екі жақ келіссөз жүргізіп, Иран мен Пәкістанның шекара  аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруға келісті. Сонымен бірге бұл құжатта екі жақ өз жерлерін басқа елдерге шабуыл жасауға пайдалануға рұқсат етпейтіндіктерін қуаттады. Иран мен Пәкістан аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды, әсіресе ДАИШ тобының  қоқан-лоққыларына қарсы тұру қажеттігін қуаттады.