Путин: Иранның ядролық келісімінің сақталуы өте маңызды
Ресей президенті АҚШ-тың Иранның ядролық келісімінен шығуын Дональд Трамптың қателіктерінің бірі деп атап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін қуаттады.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні: "Вашингтонның Иранның ядролық келісімінен шығуы АҚШ президенті Дональд Трамптың қате әрекеттерінің бірі болды. Вашингтон шыққаннан кейін бұл келісімді сақтап қалу өте маңызды ",- деді.
Путин сондай-ақ, Ресейдің түрлі халықаралық мәселелерге қатысуын осы елдің ұлттық мүдделеріне сәйкес жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
Ресей президентінің айтуынша, бұл ел БҰҰ-на мүше елдердің бірі ретінде әрдайым осы ұйымның принциптеріне берік болған.
Путин сөзінің жалғасында Сирияда халықаралық лаңкестік, ДАИШ лаңкестік тобы мен басқа да лаңкестік топтардың жеңіліс тауып, Сирияның егемендігінің сақталғанын баса айтты.