Ақ үй Трамптың Иранға қарсы уәждерінен кейін шегінді
(last modified Tue, 24 Jul 2018 07:28:42 GMT )
Шіл 24, 2018 13:28 Asia/Almaty
  • Ақ үй Трамптың Иранға қарсы уәждерінен кейін шегінді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың Твиттердегі Иранға қарсы жолдауына реакция білдіріп: "Трам екі елдің арасындағы қайшылықтарды арттыруды мақсат етпейді",- деді.

PBS News-тің мәліметі бойынша, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс: "Трамп Хельсинкийдегі  Ресей Президенті Владимир Путинмен өткізген жуырдағы жанжалды кездесуі туралы пікірталасты бұрмалауды көздемейді",- деді.

АҚШ-тың Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің демократ мүшелері Трамптың Твиттердегі Иранға қарсы соңғы жолдауын келеке етіп: "АҚШ Иранға шабуыл жасамайды, бірақ Ресей 2016 жылдағы сайлауда АҚШ-қа шабуыл жасады",- деді.