Нетаньяху Лавровпен кездесуінде Иранға қарсы уәждерін қайталады
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху дүйсенбі күні басып алынған Құдста Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Иранды Сирияға қару жіберумен айыптап, қарудың Хизболланың қолына түсуінің алдын алу үшін Лавровтан Сирия мен Ливанның арасындағы барлық шекараны бақылауға алуды мүдделік танытты.
Ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, Нетаньяху Иран Сирияда әскери базаларын орналастыруға талпыныс жасауда деген уәж айтып: "Израиль Иранның Сирияда әскери базасын орнату саласындағы әрбір талпынысына қарсы әрекетін жалғастырады",- деп қуаттады. Нетаньяхудың бұл уәждері Ресей басшылары Иранның Сирияда кеңесші ретінде әрі Сирия үкіметінің шақыруымен құзырға ие екендігін сан рет мәлімдеген жағдайда айтылды.