Иранның Мұнай министрі Ресейдің Энергетика министрімен кездесті
ИИР-ның Мұнай министрі Мәскеуде Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кездесіп, екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастықтары туралы сұхбаттасты.
Бижан Намдар Зангане дүйсенбі күні ирандық делегацияны бастап, Иран мен Ресейдің энергетика саласы бойынша ынтымақтастықтарын кеңейту мақсатында Мәскеуге сапармен барды.
Ресейлік мұнай компанияларының Иранның мұнай саласындағы жобаларына қатысу мәселесін қарастыру Иран мұнай министрі мен Ресей Энергетика министрі сұхбаттарының негізгі тақырыбын құрады.
Иран мен Ресей 2016 жылдың қаңтар айында "Ортақ қадам" бағдарламасы жүзеге асқаннан кейін мұнай-кен орындарын дамытуға бағытталған ынтымақтастық жөніндегі көп меморандумға қол қойды.
Екі ел арасындағы соңғы келісімге 2018 жылдың наурыз айының он төрті күні Иранның батысындағы Иран ұлтық мұнай компаниясы мен Ресейдің "Зарубежнефть" және ирандық "Данаэнерджи" компанияларынан құрылған консорциум арасында Теһранда қол қойылды.
Бұл келісімді жүзеге асырудың мерзімі 10 жылды құрайды. Өндіріс деңгейін күнделікті 48 000 баррель мұнай көрсеткішіне жеткізу үшін 10 жыл уақыт керек.