Шіл 26, 2018 21:50 Asia/Almaty
  • Мәскеу Американың Ресей азаматына қатысты сот ісіне наразылық білдірді

Ресей елшілігі Америка Прокуратурасының Ресей азаматының ісіне қатысты әрекетіне наразылық білдірді.

Спутник хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Америкадағы Ресей елшілігі Америка Прокуратурасының Мария Бутинаның ісін құпия категорияға енгізу мақсатында жасап жатқан талпыныстары үшін сынға алды.  Елшілік мәлімдеме жариялап, Ресей азаматына тағылған айыптарды толығымен негізсіз деп атап, оны америкалық ақпарат құралдарындағы жалған соғыстың құрбаны деп атады. Вашингтон Америкада тұратын Ресей азаматы Мария Бутинаны шетелдік үкіметтермен серіктестік жасап, Американың Әділет министрлігінің рұқсатынсыз «шетелдік агент» ретінде жұмыс істеді деп айыптады.

 

Тегтер