АҚШ Қорғаныс министрі елінің Иранға шабуыл жасауға қауқарсыз екенін мойындады
(last modified Sat, 28 Jul 2018 08:06:44 GMT )
Шіл 28, 2018 14:06 Asia/Almaty
  • АҚШ Қорғаныс министрі елінің Иранға шабуыл жасауға қауқарсыз екенін мойындады

АҚШ Қорғаныс министрі елінің Иранға қарсы шабуыл жасауға шамасы келмейтінін мойындады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис жұма күні АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауды жоспарлап жатқаны туралы қауесеттерді бос қиял және "қырық өтірік" деп атады.

Аустралияның ABC News арнасы бейсенбі күні Аустралиядағы мемлекеттік дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ үкіметінің Иранның ядролық нысандарына қарсы шабуыл жоспарлап отырғаны туралы уәж айтқан болатын.