Ормуз бұғазын жабу мұнайдың бір баррелінің бағасын 400 долларға жеткізеді
https://itolqyn.com/news/world-i38449-Ормуз_бұғазын_жабу_мұнайдың_бір_баррелінің_бағасын_400_долларға_жеткізеді
Ирактың мұнай саласының сарапшысы Хамза әл-Джавахери: "Аймақта пайда болған текетірестерге байланысты Ормуз бұғазы жабылатын болса, мұнайдың әрбір баррелі 400 долларға жетеді",-деген болжам жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 29, 2018 14:19 Asia/Almaty
  • Ормуз бұғазын жабу мұнайдың бір баррелінің бағасын 400 долларға жеткізеді

Ирактың мұнай саласының сарапшысы Хамза әл-Джавахери: "Аймақта пайда болған текетірестерге байланысты Ормуз бұғазы жабылатын болса, мұнайдың әрбір баррелі 400 долларға жетеді",-деген болжам жасады.

Ол сенбі күні Ирактың "әл-Малуме" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ормуз бұғазы жабылған жағдайда индустриялды елдердің көбі экономика тұрғысынан құлдырауға ұшырайды, өйткені өздерінің өнеркәсіп салалары үшін мұнайды қажет етеді. Сондықтан бұл бұғаздың жабылуы Үшінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы дегенді білдіреді",-деді.

Өткен аптада ИИР Президенті Хасан Рухани АҚШ-тың Иран мұнайына санкция салу туралы қоқан-лоққыларына реакциясында Ақ үй басшыларына: "Теһран Вашингтонның қоқан-лоққыларына қарсы тұру үшін көптеген таңдау жолдарына ие. Солардың бірі – Ормуз бұғазын жабу",-деп мәлімдеген болатын.