Трамп Иранмен келіссөз жүргізуге әзірлігін мәлімдеді
(last modified Tue, 31 Jul 2018 08:12:24 GMT )
Шіл 31, 2018 14:12 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы қоқан-лоққылары мен жауластық сөздерінің күшеюімен бір мезгілде ИИР басшыларымен келіссөз жүргізуге әзірлігін мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп дүйсенбі күні Ақ үйде Италия Премьер‑министрі Джузеппе Контемен ортақ баспасөз конференциясында: «Мен ешбір алғышартсыз кез келген ирандық жауапты тұлғамен кездесуге дайынмын»,-деді.

Трамп Вашингтонның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуын қолдап: «Бұған қарамастан, егер Иран басшылары кездескісі келсе, ешқандай алғышарт қоймаймын. Қалаған уақыттарында олармен кездесіп, әртүрлі мәселелер туралы сұхбаттасамын»,-деді.

АҚШ Президенті 8 мамырда Иранға қарсы негізсіз айыптауын қайталап, Вашингтонның ядролық келісімнен шығып, Иранға қарсы ядролық санкциялардың қайта оралғанын жариялаған жағдайда қайшылықтарды шешу үшін Иранмен келіссөз жүргізуге дайындығын айтып, халықты алдарқатып отыр.