Мәскеу Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларына реакция білдірді
Там 01, 2018 13:47 Asia/Almaty
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы сейсенбі күні Еуропа одағының Қырым көпірі құрылысына қатысып жатқан ресейлік компанияларға қарсы салған жаңа санкцияларын шындығында осы түбек тұрғындарына қарсы жүзеге асырылған бүлдіргі саясат деп атады.
TASS ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мария Захарова: "Еуропа одағы бұл санкциялары арқылы аталмыш аймақты энергетикалық тұрғыдан қоршауға алған адамдарды ынталандырып, бұл аймақ үшін әскери емес инфрақұрылымдар салған адамдарды жазалады", - деді.
Еуропа одағы сейсенбі күні алты ресейлік компанияға осы ел мен Қырым түбегі арасындағы көпір құрылысында рөл атқарғаны үшін санкция жариялады.
Тегтер