Қазақстан мен Ресей басшыларының күн тәртібіне зымыран өндіру ісі қойылды
(last modified Wed, 01 Aug 2018 14:36:20 GMT )
Там 01, 2018 20:36 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей басшыларының күн тәртібіне зымыран өндіру ісі қойылды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әуе-ғарыш комитеті Ресеймен зымыран өндіру саласы бойынша ортақ бағдарламаға ие екендіктерін хабарлады.

Фарс хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, осы ұйымның ресми мәліметінде екі елдің үкіметаралық келісіміне сәйкес және Мәскеу мен Астананың серіктестіктерін арттыру үшін зымыран өндіру саласында ортақ бағдарламалардың жүзеге асырылатыны хабарланды.

Сонымен қатар қазақстандық және ресейлік мамандар шағын спутниктерді ұшыру үшін ауыр және жеңіл зымырандар өндіру бағдарламалары бойынша да серіктестік жасайтын болып келісті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында әуе-ғарыш саласы мен Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту үшін 300 млн доллар инвестиция салуға әзірлігін мәлімдеді.