Солтүстік Корея жетекшісі Трампқа екінші рет хат жолдады
(last modified Fri, 03 Aug 2018 15:47:32 GMT )
Там 03, 2018 21:47 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея жетекшісі Трампқа екінші рет хат жолдады

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ президенті Дональд Трамптың сәрсенбі күні Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ыннан екінші хат алғанын,

хат алмасулардың АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының Сингапурдегі кездесуі мен екі елдің ортақ мәлімдемесінде айтылған міндеттемелерді ілгерілету мақсатында жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Мұның алдында Дональд Трамптың Солтүстік Корея жетекшісінен бірінші хат алғаны хабарланды. АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары 2018 жылы шілденің он екісі күні көптеген қиындықтардан кейін Сингапурде алғаш рет кездесіп, сұхбаттасты.