Қытай АҚШ-тан импортталатын тауарларға тариф бекітті
https://itolqyn.com/news/world-i38522-Қытай_АҚШ_тан_импортталатын_тауарларға_тариф_бекітті
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Кедендік тарифтерді реттеу жөніндегі комитеті жұма күні құны 60 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тан импортталатын 5207 тауарға 5-тен 25 пайызға дейінгі тариф бекіткенін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 04, 2018 15:24 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тан импортталатын тауарларға тариф бекітті

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Кедендік тарифтерді реттеу жөніндегі комитеті жұма күні құны 60 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тан импортталатын 5207 тауарға 5-тен 25 пайызға дейінгі тариф бекіткенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттінің хабарлауынша, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Кедендік тарифтерді реттеу жөніндегі комитетінің мәлімдемесінде Қытайдың құны 60 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тан импортталатын тауарларға тариф бекіту туралы шешімді АҚШ үкіметінің 200 миллиард долларға жуық көлемдегі Қытайдан экспортталатын тауарларға 25 пайыздық тариф бекітуіне реакция ретінде қабылдағаны айтылған.