Иран мен Әзірбайжан республикасының шекаралық мәселелеріне шолу жасалды
https://itolqyn.com/news/world-i3853-Иран_мен_Әзірбайжан_республикасының_шекаралық_мәселелеріне_шолу_жасалды
Иран Ислам Республикасының мен Әзірбайжан республикасының шекара қолбасшылары екі жақты шекаралық мәселелерге шолу жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 06, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан республикасының шекаралық мәселелеріне шолу жасалды

Иран Ислам Республикасының мен Әзірбайжан республикасының шекара қолбасшылары екі жақты шекаралық мәселелерге шолу жасады.

Иран Ислам Республикасының шекара қолбасшысы бригада генералы сардар Ғасем Резаи екі елдің шекаралық аймағында Әзірбайжан республикасының шекара қолбасшысының орынбасары генерал Илхам Маһдиевпен кездесуінде шекаралық аймақтағы соңғы күндердегі өзгерістер мен шекарада тұратын халықтың тұрмыс- тіршілігі туралы сөйлесті. Соңғы бірнеше күнде Әзірбайжан республикасы мен Армения күштерінің қақтығысы барысында Армения тарапынан атылған бірнеше зеңбірек оғы Иранның шекаралық аймағына түсті. Бұл жөнінде Иран Ислам Республикасы тарапынан Армения шекарашыларына наразылық білдіріліп, тиісті ескерту жасалды.