Жапонияның болат өндірушілері АҚШ-қа ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i38535
Жапонияның ең ірі болат өндірушісі Nippon компаниясы сенбі күнгі бір мәлімдемесінде: "Бұл компания АҚШ тарапынан болат өнімдеріне салынатын тарифтің артуына төзбейді",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 05, 2018 13:39 Asia/Almaty
  • Жапонияның болат өндірушілері АҚШ-қа ескерту жасады

Жапонияның ең ірі болат өндірушісі Nippon компаниясы сенбі күнгі бір мәлімдемесінде: "Бұл компания АҚШ тарапынан болат өнімдеріне салынатын тарифтің артуына төзбейді",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл компания осы мәлімдемеде: "Өткен сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін АҚШ-тың жапон компанияларына қарсы жаңа тариф қолданғаннан кейін бұл компаниялардың табысы 19 пайызға төмендеді",-деді.  

Осыдан бұрын Қытай мен Еуроодақ мүшелері  АҚШ-тың импорттық көліктерге тарифті өсіргеніне наразылық білдіріп, Ақ үйдің бұл шешімінің сауда соғысының басталуына себеп болатынын айтқан.  

Экономикалық мәселелерді сараптаушылардың пайымдауынша, сауда соғысы басталған жағдайда АҚШ жеңіліс табады.