Венесуэла Президенті сөйлеп тұрған жерде жарылыс болды
(last modified Sun, 05 Aug 2018 11:12:38 GMT )
Там 05, 2018 17:12 Asia/Almaty

Бір әскери рәсім кезінде Венесуэла Президенті Николас Мадуро сөйлеп тұрған жерде жарылғыш заттар салынған бірнеше ұшқышсыз ұшақтың жарылуы салдарынан рәсім тоқтатылды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэланың Барлау министрі Хорхе Родригес бұл оқиғаның Мадуроға қастандық жасау жобасы аясында орын алғанын растап: "Мадуро сөйлеп тұрған жерде жарылғыш заттар қойылған бірнеше ұшқышсыз ұшақ жарылып, соның салдарынан 7 әскери жарақат алды. Мадуроның жағдайы жақсы",-деді.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэла Президенті Николас Мадуро әскери рәсімде өзінің тікелей эфирдегі сөзі тоқтатылғаннан бірнеше сағаттан кейін: "Бұл оқиға – Венесуэланың оңшыл фракциясының жоспары. Ол АҚШ-тың қолдауымен жүзеге асырылды.

Алғашқы тексерулер көрсеткендей, бұл террор Колумбия елінде жоспарланған. Соған қатысты бірнеше күдікті қамауға алынды.

Осы оқиғаны қаржылай қамтамасыз еткен кейбір адамдар АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстік-шығысындағы Майямиде жүр. АҚШ Президенті Дональд Трамп лаңкестік топтармен күресуге ынта танытады деп үміттенемін",-деді.