Иран "Әлем әскерилері-2018" сайысында тәртіп сақтау күштері бойынша екінші орынды иеленді
https://itolqyn.com/news/world-i38542-Иран_Әлем_әскерилері_2018_сайысында_тәртіп_сақтау_күштері_бойынша_екінші_орынды_иеленді
ИИР Қарулы күштерінің командасы Ресейде өткен "Әлем әскерилері-2018" халықаралық сайысының тәртіп сақтау күштері жарысындағы қортынды кездесуде Ресей командасынан бірнеше секундқа артта қалып, екінші орынды иеленді.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Там 05, 2018 17:43 Asia/Almaty
  • Иран

ИИР Қарулы күштерінің командасы Ресейде өткен "Әлем әскерилері-2018" халықаралық сайысының тәртіп сақтау күштері жарысындағы қортынды кездесуде Ресей командасынан бірнеше секундқа артта қалып, екінші орынды иеленді.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауы бойынша, тәртіп сақтау күштерінің жарысы төрт кезеңнен – нысананы ату, кедергілерден өту, патрульдік бөлімдердің жарысы және топтық сайыстан тұрады.

"Әлем әскерилері-2018" халықаралық сайысы өткен аптаның сенбі күні Мәскеу маңындағы "Патриот" саябағында басталды. 

Сайыстың ұйымдастыру комитетінің хабарлауы бойынша, сайысқа әлемнің 32 елінен келген 189 команда қатысып жатыр.