Иран "Әлем әскерилері-2018" сайысында тәртіп сақтау күштері бойынша екінші орынды иеленді
Там 05, 2018 17:43 Asia/Almaty
ИИР Қарулы күштерінің командасы Ресейде өткен "Әлем әскерилері-2018" халықаралық сайысының тәртіп сақтау күштері жарысындағы қортынды кездесуде Ресей командасынан бірнеше секундқа артта қалып, екінші орынды иеленді.
IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауы бойынша, тәртіп сақтау күштерінің жарысы төрт кезеңнен – нысананы ату, кедергілерден өту, патрульдік бөлімдердің жарысы және топтық сайыстан тұрады.
"Әлем әскерилері-2018" халықаралық сайысы өткен аптаның сенбі күні Мәскеу маңындағы "Патриот" саябағында басталды.
Сайыстың ұйымдастыру комитетінің хабарлауы бойынша, сайысқа әлемнің 32 елінен келген 189 команда қатысып жатыр.
Тегтер