АҚШ-тың 19 барлау қызметкері Нетаньяхудың Иранға қарсы құжаттарын жалған деп атады
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, ОББ мен Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы 19 қызметкері осы ел басшысы Дональд Трампқа хат жазып, Тель-Авивтің жалған ақпараттарды пайдалану арқылы Вашингтонды Иранмен текетіреске итермелеуге талпынып жатқанын айтты.
Consortiumnews интернет сайтының хабарлауы бойынша, олар кейінгі Джодж Буш үкіметінің Иракта жаппай қырып-жоятын қарудың барлығы туралы жалған құжаттарына тоқталып, Израиль режимінің Иранның ядролық бағдарламасы туралы құжаттарының Иракқа қатысты берілген құжаттарға ұқсайтынын ескертті.
Consortiumnews тарапынан "көнекөз барлау қызметкерлері" деп аталғандар осы хатқа қол қойып, Трампқа:"Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға қатысты сізді алдап отыр",-деп ескертті.