Санкция, қоқан-лоққы мен келіссөз – АҚШ-тың Иранға қарсы үш таңдау жолы
(last modified Tue, 07 Aug 2018 09:48:23 GMT )
Там 07, 2018 15:48 Asia/Almaty
  • Санкция, қоқан-лоққы мен келіссөз – АҚШ-тың Иранға қарсы үш таңдау жолы

Санкция, қоқан-лоққы мен келіссөз – АҚШ-тың Иранға қарсы үш стратегиялық таңдау жолы. Таңдау жолдарының Иран үшін қандай жолдауы бар? Бұл сұрақ осы күндері көптеген сарапшылар тарапынан талқыланды. Иран аймақ пен əлемде ерекше орын мен позицияға ие болуына байланысты əрдайым дұшпандар тарапынан қоқан-лоққыға ұшырап келеді. Дұшпандар əртүрлі қастандықтармен ИИР жүйесіне соққы беруді көздеуде. АҚШ ұдайы осындай жауластықты жобалаушы жəне ұйымдастырушы болды.

АҚШ Президенті дүйсенбі күні кешке, 6 тамызда бұйрық беріп, Иранға қарсы заңсыз санкцияларын қайтарды. Содан соң Трамп бір мəлімдемеде 7 тамыздан бастап Иранның көлік жасау өнеркəсібі, алтыны мен риалына қарсы санкциялардың іске қосылатынын, ал Иранның банкі мен мұнайына қарсы санкция 2018 жылдың 5 қарашасынан басталатынын мəлімдеді.

Трамп Иранның алдындағы барлық жолдарды жабуды көздеп отыр. Санкциялар осы мақсатта жүзеге асырылып жатыр.  АҚШ-тың санкция салып, қоқан-лоққы жасап, сонымен бір мезгілде Иранмен келіссөз өткізуге ұсыныс жасаудағы мақсатының  қыр-сыры көп. АҚШ-тың санкциялары мен бүлдіргі əрекеттерінің Иран үшін халықаралық деңгейде қиыншылық тудырып жатқаны анық. Бірақ Иран осы уақытқа дейін санкцияларға қарсы тұрып, қоқан-лоққыларға қарсы өзінің əскери қорғанысы мен тежегіш қуатын арттырды.

Иранға қарсы қоқан-лоққы Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап жасала бастады. Қазіргі таңда АҚШ Иран мен аймақта бейберекеттік орнатуды көздейді. АҚШ басшылары ашық түрде Иранда іштен бүлік тудыру жайлы сөз қозғап, оған қолдау көрсетіп, тіпті жүйені ауыстыру жайлы талқылап жатыр. Алайда ИИР жүйесі өз халқына арқа сүйейтіндіктен АҚШ Иран халқына қысым жасауға талпынып жатыр.
ИИР Президенті Хасан Рухани кеше теледидар арқылы халықпен сұхбаттасуының бір бөлігінде осы мəселеге тоқталып: "Трамптың сөздері не ішкі қолданысқа, соның ішінде сайлау науқанына арналған, немесе Иран халқымен психикалық соғыс жүргізуге бағытталған",-деді.

Мəселе мынада: Трамптың сөздері ішкі қолданыс немесе Иран халқымен психикалық соғыс жүргізуге арналса да оның мақсаты – Иранға зиян тигізу. 

"Бегин-Садат" сионистік институты АҚШ Президентінің Иранмен келіссөз өткізу туралы ұсынысын сараптап: "Бұл ұсыныс Иранның ішіне іріткі салу мақсатымен жасалды және Болтонның Ақ үйге кірер алдындағы бағдарламасының бір бөлігі болды",-деп жазды.

АҚШ жасап жатқан істің Иран халқы мен мүддесіне қарсы ғана емес, әлемдік қауымдастықтың мүддесіне де қайшы екені анық. Зарифтің айтуы бойынша, АҚШ-тың екіжүзділігінде шек жоқ.