АҚШ-та мигранттардың құрықталғанына байланысты наразылық шеруі өтуде
Вашингтон әкімшілігінің алдына бір топ адам жиналып, мигранттардың қайтадан құрықталғанына наразылық білдіріп, шеру ұйымдастырды.
Америкалық Hill сайтының хабарлауынша, наразылар Вашингтон әкімінен мигранттарды құрықтау толқынына қатысты реакция білдіруді сұрады.
Театр сахнасының бір топ танымал артистері де Ақ үйдің алдында шеру ұйымдастырып, Трамптың көші-қон туралы саясаттарына наразылық білдірді. Оппозициялық топ үш аптадан бері күн сайын Ақ үйдің алдында жиналуда. Трамптың көші-қонға қатысты саясаттары мигрант балалардың бас сауғалап, қылмыскерлердің балаларды теріс пайдалануына себеп болды. АҚШ полициясы дүйсенбі күні Нью-Йоркте мигрант отбасылардан шыққан 11 аш баланы тапқаны туралы мәлімдеді. Трамптың көші-қонға қарсы заңына сәйкес, балалар ата-аналарынан күшпен ажыратылады.