Америка Ресейге қарсы аярлық жасады
(last modified Fri, 10 Aug 2018 03:20:25 GMT )
Там 10, 2018 09:20 Asia/Almaty
  • Америка Ресейге қарсы аярлық жасады

Ресей Думасының халықаралық істер комитетінің басшысы америкалық сенаторлардың Ресейді лаңкестікті қолдаушы ел ретінде ресми түрде тану туралы ұсынысын аярлық деп атады.

ТАСС хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей Думасының халықаралық істер комитетінің басшысы Леонид Слуцкий «Ресейдің емес, Вашингтонның Таяу Шығыстағы саясаттары лаңкестік топтардың, соның ішінде "әл-Қаида", "ДАИШ", «Ан-Носрат» топтарының қалыптасуына себеп болды» деді.

Американың республикашыл өкілдерінің бір тобы Америка президенті Трамптан Еуропамен бірге Ресейге қарсы бұрынғы санкцияларды жүзеге асыруды сұрайтын ортақ заң жобасын әзірледі.

Ресей банктерінің долларлық есеп-шоттарын бұғаттау, Ресей президенті Владимир Путиннің әлемдегі активтерін табу, Ресейді лаңкестікті қолдаушы ел ретінде ресми түрде тану да осы заң жобасында талқыланған тақырыптардың қатарын құрады.