Валид әл-Муаллем: Сирия лаңкестікпен күресті жалғастырады
Сирия Сыртқы істер министрі осы елдің әртүрлі өңірлерінде тәкфирлік-лаңкестік топтармен күрестің жалғасып жатқанын хабарлады.
Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем Дамаскта Чехия республикасының Сыртқы істер министрі Ян Гамачекпен кездесуде Сирияның дағдарысты тоқтату үшін егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық пен ұлттық бірлікті сақтауға негізделген кез келген саяси және бейбіт шешім жолын қолдайтынын мәлімдеп, Сирия үкіметінің лаңкестерден азат етілген аудандарға босқындардың ерікті түрде қайта оралуы үшін бар жағдайды жасайтынын қуаттады.
Сирия Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында: "Әлемдік қауымдастық пен халықаралық ұйымдар да Сирия үкіметіне халықты, әсіресе өз аудандарына оралатын босқындарды қажет заттармен қамтамасыз етуге көмектесуі керек, өйткені Батыстың, әсіресе Еуроодақтың біржақты антигуманистік экономикалық санкциялары Сирия халқына көп зиян тигізді",-деді.