Иран мен Ресей лаңкестікпен жан-жақты күресу қажеттігін қуаттады
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары БҰҰ-ның аясында лаңкестік құбылысымен жан-жақты күресу қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрінің халықаралық және құқықтық істер жөніндегі орынбасары Ғоламхосейн Деһқани мен Ресей Сыртқы істер министрінің лаңкестікпен күрес жөніндегі орынбасары Олег Сыромолотов бейсенбі күні Мәскеуде БҰҰ-ның аясы мен халықаралық ережелер негізінде лаңкестік және экстремистік топтармен жан-жақты күресу мақсатында халықаралық ынтымақтастықтарды нығайту туралы пікір алмасты.
"Шетелдік лаңкестер" деген құбылыспен күресу мақсатында халықаралық деңгейде әріптестік жасау қажеттігі, екіжақты және көпжақты қалыпта лаңкестікпен күресу үшін ақпаратпен алмасып, әріптестік жасау перспективасын қарастыру Иран мен Ресей өкілдерінің отырысында талқыланған келесі тақырыптардың қатарын құрады.