Трамп үкіметінің Иран мұнайына толық санкция салуға қатысты болжамы өзгерді
Там 11, 2018 21:56 Asia/Almaty
АҚШ үкіметіндегі екі хабардар қызметкердің пікіріне сәйкес, Трамп үкіметінің болжамы бойынша, 4 қарашада Иран мұнайына салынған санкция іске қосылғаннан кейін Ираннан мұнай сатып алу күніне тек 700 мыңнан 1 млн баррельге дейін азаяды.
АҚШ-тың Bloomberg ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Трамп үкіметі бұдан бұрын өз мақсатының қараша айында Иран мұнайы экспортын нөлге жеткізу екенін жариялаған болатын.
Осы екі хабардар қызметкердің айтуынша, Иранда өндірілетін мұнайдың 50 пайызын сатып алатын Қытай мен Үндістан және 20 пайыздық үлеске ие Еуроодағы Иран мұнайына санкция салу жолындағы басты кедергілер саналады.
Тегтер