Там 14, 2018 13:58 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Иранда жұмыс істеп жатқан компанияларға тигізілген шығындарды өтеуді қарастырып жатыр

Еуроодаққа төрағалық етіп отырған Аустрия Сыртқы істер министрі одақтың Иранда жұмыс істеп жатқан компанияларға тигізілген шығынды өтеуге және ақша жіберу жолдарын анықтауға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.

"Джаван" тілшілер клубының хабарлауы бойынша, Карин Кнайсль Венада Еуроодаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы қарсаңында Вашингтонның әлемдік деңгейдегі біржақты саясаттарын сынап, АҚШ саясаттарының тынышсыздықтарды арттырып отырғанын айтты.

Кнайсль АҚШ-тың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуға шешім қабылдағаны мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: "АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық санкцияларды қайтаруы  еуропалық компанияларға зиян тигізуі мүмкін. Америкалықтарға мұндай үдерістің Қытайдың мүддесіне сай екенін түсіндіруге тырыстым",-деді.

 

Тегтер