Ақ үй Түркиядан импортталатын болатқа белгіленген тарифтің күші жойылмайтынын мәлімдеді
https://itolqyn.com/news/world-i38678-Ақ_үй_Түркиядан_импортталатын_болатқа_белгіленген_тарифтің_күші_жойылмайтынын_мәлімдеді
Ақ үйдің ақпарат өкілі: "Түркияда америкалық шіркеу қызметкері босатылған жағдайда да, осы елден импортталатын болатқа белгіленген тарифтің күші жойылмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 16, 2018 15:23 Asia/Almaty
  • Ақ үй Түркиядан импортталатын болатқа белгіленген тарифтің күші жойылмайтынын мәлімдеді

Ақ үйдің ақпарат өкілі: "Түркияда америкалық шіркеу қызметкері босатылған жағдайда да, осы елден импортталатын болатқа белгіленген тарифтің күші жойылмайды",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сара Сандерс сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: "Түркияда америкалық шіркеу қызметкері босатылса, АҚШ-тың Түркияға салған санкцияларын жою мәселесі қарастырылатын болады.

Түркияның америкалық тауарларға салған тарифы өкініш тудырады. Бұл – қате жолдағы қадам",-деген уәж айтты.

Осыдан бұрын  Түркияның Сауда министрі Рухсар Пекджан АҚШ-тан Түркияға импортталатын тауарлардан 533 млн доллар көлемінде көбірек тариф алына бастағанын хабарлаған болатын.