Брайан Хук Иранның мұнай экспортының көлемін нөлдік деңгейге жеткізу туралы уәж айтты
(last modified Fri, 17 Aug 2018 12:57:48 GMT )
Там 17, 2018 18:57 Asia/Almaty
  • Брайан Хук Иранның мұнай экспортының көлемін нөлдік деңгейге жеткізу туралы уәж айтты

АҚШ Мемлекеттік департаментіне қарасты Иранға қарсы шара қолдану тобының басшысы бейсенбі күні бұл топтың басты назарының АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаттарын жүзеге асыруға бағытталғанын баса айтып: "Вашингтон Иранның мұнай экспортының көлемін нөлдік деңгейге жеткізеді",- деді.

"Иранға қарсы шара қолдану тобы" – бірнеше сағат бұрын 1953 жылғы төңкеріс жылдығының қарсаңында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Мемлекеттік департаментте жаңадан құрылғанын мәлімдеген мекеменің атауы.

Брайан Хук осы оқиғаға арналған баспасөз отырысында АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қаржы министрлігінен құрылған топтың Иранға қарсы санкция салып, қысым көрсетуге көндіру мақсатында 24 елге сапармен барғанын хабарлады.

Иранға қарсы шара қолдану тобының басшысы өзінің күлкілі сөздерінде ИИР-н лаңкестікке қолдау көрсетіп, аймақта тұрақсыздық тудырып жатыр деп айыптап, аталмыш топтың мақсатын Иранның әрекетін өзгерту үшін халықаралық деңгейде талпыныс жасау деп атады.