Ресей: Ядролық отынның екінші тиелімі Иранға жөнелтуге дайын
https://itolqyn.com/news/world-i38694-Ресей_Ядролық_отынның_екінші_тиелімі_Иранға_жөнелтуге_дайын
Ресей СІМ жұма күнгі мәлімдемесінде ядролық отынның екінші тиелімінің Иранға жөнелтуге дайын екенін мәлімдеп: "Мәскеу "Ортақ қадам" бағдарламасына табандылық танытып, осы халықаралық келісімдегі өзінің барлық міндеттемесін жүзеге асырады",- деді.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Там 18, 2018 13:24 Asia/Almaty
  • Ресей: Ядролық отынның екінші тиелімі Иранға жөнелтуге дайын

Ресей СІМ жұма күнгі мәлімдемесінде ядролық отынның екінші тиелімінің Иранға жөнелтуге дайын екенін мәлімдеп: "Мәскеу "Ортақ қадам" бағдарламасына табандылық танытып, осы халықаралық келісімдегі өзінің барлық міндеттемесін жүзеге асырады",- деді.

Ресей СІМ мәлімдемесінде Ресей мен Иранның тұрақты изотоптар өндіру үшін Форду нысанындағы уран байытатын бұрынғы орталығындағы екі центрифуга кешеніне өзгерістер енгізуге бағытталған ортақ жобаның жүзеге асып жатқанын, изотоптардың өнеркәсіптік және емдік мақсаттарда қолданылатынын айтты.

Ресей СІМ, сондай-ақ, Иранмен барлық ынтымақтастықтардың "Ортақ қадам" келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары шеңберінде және АҚХА-ның толық бақылауымен іске асып жатқанын қуаттады.