Қазақстан Әзірбайжан мен Армения арасындағы араздықты бейбіт жолмен шешуге мүдделік танытты
https://itolqyn.com/news/world-i3871-Қазақстан_Әзірбайжан_мен_Армения_арасындағы_араздықты_бейбіт_жолмен_шешуге_мүдделік_танытты
Қазақстан Президенті Әзірбайжан мен Армения арасындағы Қарабақ аймағы жөніндегі келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуді сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 07, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • Қазақстан Әзірбайжан мен Армения арасындағы араздықты бейбіт жолмен шешуге мүдделік танытты

Қазақстан Президенті Әзірбайжан мен Армения арасындағы Қарабақ аймағы жөніндегі келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуді сұрады.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Әзірбайжан мен Армения басшылары Илхам Әлиев және Серж Саргсянмен телефон арқылы сұхбатында екі елдің екіжақты келіссөздерді қайта бастауы керектігін қуаттап, келіссөздердің бақылауын Минск тобының ықтиярына тапсыруды қуаттады.

Осындай жағдайда Серж Саргсян Қарабақ аймағында атысты тоқтату бітімі орнағаннан кейін алғашқы ресми мәлімдемеде әлемнің басқа елдерінен халықаралық жер бөлу туралы келісімі бойынша Әзірбайжан Республикасына қарасты Таулы Қарабақ даулы аймағын автономиялық аймақ деп тануды сұрады.

Армения Президенті Берлинде жарияланған мәлімдемесінде Әзірбайжан Республикасын аймақта қақтығыстар тудырумен айыптады.