Моралес Трамптың Латын Америкасындағы жаңа қастандық әрекетіне қатысты ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i38715
Боливия президенті венесуэлалық мигранттарға гуманитарлық көмек жіберу сылтауымен Колумбияға аурухана құрал-жабдықтары тиелген кеме жіберуді Венесуэлаға қарсы жасырын шабуыл деп атап, бұл әрекетті айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 19, 2018 21:58 Asia/Almaty
  • Моралес Трамптың Латын Америкасындағы жаңа қастандық әрекетіне қатысты ескерту жасады

Боливия президенті венесуэлалық мигранттарға гуманитарлық көмек жіберу сылтауымен Колумбияға аурухана құрал-жабдықтары тиелген кеме жіберуді Венесуэлаға қарсы жасырын шабуыл деп атап, бұл әрекетті айыптады.

Prensa Latina ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Эво Моралес Вашингтонның Каракасқа қарсы саясатын сынға алып: "Венесуэла азаматтарына көрсетілуі тиіс ең ізгі қолдау бұл елдің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігіне құрмет көрсетіп, АҚШ-тың осы ел халқына қарсы жариялаған әділетсіз санкциялардың күшін жою саналады",- деп баса айтты.

Моралес Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Соғыс тікұшақтарын тасымалдайтын АҚШ-тың кемесі Венесуэла үшін қауіп саналады. Венесуэлаға қарсы жасалған кез келген басқыншылық Латын Америкасына жасалған басқыншылық болып есептелінеді",- деп жазды. Боливия президенті сол аймақ елдерінің Вашингтонға қарсы бірігуін сұрады.