Ресей армиясына кенеттен дайын жағдайда болуға бұйрық берілді
https://itolqyn.com/news/world-i38723-Ресей_армиясына_кенеттен_дайын_жағдайда_болуға_бұйрық_берілді
РФ Президенті тосын шарада елінің армиясына дайын жағдайда болуға бұйрық берді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 20, 2018 21:14 Asia/Almaty
  • Ресей армиясына кенеттен дайын жағдайда болуға бұйрық берілді

РФ Президенті тосын шарада елінің армиясына дайын жағдайда болуға бұйрық берді.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: "РФ Президенті Владимир Путиннің бұл бұйрығы бірнеше сағат бұрын армияның жауынгерлік дайындығы мен қарым-қабілетін бағалау мақсатында берілді",-

Ресейдің орталық және шығыс федералдық округтерінің әскери бөлімшелері, әуе-десант, әуе күштері мен әуе тасымалы бөлімшелері Путиннің бұйрығы бойынша дайын жағдайға енгізілді.

Бұл жағдай қыркүйек айында өтетін "Восток-2018" әскери жаттығуы қарсаңында орын алып отыр. Осы жаттығу аясында бұрын-соңды болмаған көлемде 16 әскери амал жүзеге асырылады",-деді.

Шойгудың айтуынша, Қытай мен Моңғолияның әскери бөлімшелері, Ресейдің орталық және шығыс федералдық округтерінің әскери бөлімшелері, солтүстік флоты, әуе-десант күштері мен әуе тасымалы бөлімшелері "Восток-2018" әскери жаттығуына қатысатын болады.