АҚШ халқы Ресейге санкция салуға қарсы
АҚШ азаматтарының басым бөлігі Вашингтонның Ресейге қарсы тағы санкция салудың орнына бұл елмен қарым-қатынасын жақсартуды дұрыс деп есептейді.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қоғамдық пікірді талдау жөніндегі Gallup институтының жуырда өткізген сауалнамасына сәйкес, АҚШ азаматтары бұл ел үкіметінің жаңа санкцияларды күшіне енгізудің орнына Мәскеуге қатысты дипломатиялық әдіс қолдануын артық көреді.
Сауалнамаға қатысқандардың 58 пайызының ойынша, АҚШ Ресейге санкция салып, оған экономикалық шектеулер қоюдың орнына бұл елмен қарым-қатынасын жақсартуды ойластыруы қажет.
Тамыз айының бірі мен он екісі аралығында өткізілген Gallup институтының сауалнамасына 1000-нан астам америкалық қатысқан.
АҚШ пен Ресей қарым-қатынастары Вашингтонның біржақты саясаттары мен Ресейге қарсы санкция жариялауы салдарынан одан бетер ушыға түсті. АҚШ Ресейге қарсы бірнеше кезеңдік экономикалық санкцияларды жүзеге асырып, Вашингтонның бұл әрекеті Мәскеудің қарымта шара қолдануына себеп болды.