Песков: Ресей мен АҚШ Иранды Сириядан шығару туралы сұхбаттасқан жоқ
https://itolqyn.com/news/world-i38736-Песков_Ресей_мен_АҚШ_Иранды_Сириядан_шығару_туралы_сұхбаттасқан_жоқ
Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков Reuters ақпарат агенттігінің АҚШ пен РФ басшыларының Иранды Сириядан шығару туралы келіскені жайлы таратқан ақпаратты теріске шығарды.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Там 22, 2018 17:28 Asia/Almaty
  • Песков: Ресей мен АҚШ Иранды Сириядан шығару туралы сұхбаттасқан жоқ

Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков Reuters ақпарат агенттігінің АҚШ пен РФ басшыларының Иранды Сириядан шығару туралы келіскені жайлы таратқан ақпаратты теріске шығарды.

Reuters ақпарат агенттігі 17 тамызда бір америкалық қайраткерге сілтеме жасап, РФ Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың 16 шілдеде өткен Хельсинки кездесуінде Иранды Сириядан шығару туралы келіскенін хабарлады.

РФ Президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі әрі Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов жуырда ирандық әскери кеңесшілердің Сирияда лаңкестермен күресуге көмектесіп жатқанын айтқан болатын.