Нетаньяху Еуропа одағының Иранға бөлген 18 миллион евролық бюджетіне наразылық білдірді
(last modified Sat, 25 Aug 2018 10:13:22 GMT )
Там 25, 2018 16:13 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Еуропа одағының Иранға бөлген 18 миллион евролық бюджетіне наразылық білдірді

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жұма күні Литваның астанасы Вильнюс қаласында Иранға қарсы ұстанымдарын қайталап, Еуропа одағының Иран үшін құны 18 миллион евроны құрайтын қаражат көлемін бөлуін үлкен қателік деп атап, бұл бюджетті Иран халқына бөлуді уға теңеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл сөздер Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің бұл қаражаттың бөлінуін аталмыш одақтың Иранға қолдау көрсетуі мен бұл елдегі тұрақты және бейбіт даму үдерісінің белгісі деп бағалаған жайдайда айтылды.

Израиль режимінің премьер-министрі сондай-ақ, Еуропа елдерінің "Ортақ қадам" бағдарламасына қолдау көрсетуіне тағы наразылық білдіріп, өзінің ядролық саладағы Иранға қарсы жалған уәждерін қайталап: "Еуропа одағы "Иранның ядролық қаруға қол жеткізуге"  бағытталған әрекетін тоқтата алмады",- деді.