Азия ойындарында 94 кг салмақтағы ирандық зілтемірші жаңа рекорд жасады
Иранның 94 кг салмақтағы зілтеміршісі Сохраб Моради Индонезияда өтіп жатқан Азия-2018 ойындарында жұлқа көтеруден әлем рекордын жаңартып, осы салмақта алтын жүлдеге ие болды.
Индонезияда өтіп жатқан Азия-2018 ойындарының жалғасында Сохраб Мұради сенбі күні 189 кг зілтемірді бағындырып, 19 жылдан кейін 94 кг салмақты зілтеміршілер арасындағы рекордты жаңартты. Соңғы рекорд осыдан бұрын 1999 жылы Афиныда өткен әлем чемпионатында 188 кг зілтемір көтерген грекке тиесілі болған.
Моради серпе көтеруде 221 кг-ды бағындырып, жалпы есепте 410 ұпай жинап, алтын жүлде алды.
Азия-2018 ойындарының он сегізінші кезеңі 18 тамызда Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында басталып, 2 қыркүйекке дейін жалғасады.