Америкалық газет Мәскеудің Вашингтонға барлау тұрғысынан ауыр соққы бергенін мойындады
Америкалық газет бір мақаласында АҚШ-тың Ресейдегі тыңшылық жұмыстарына тоқталып: "Қазіргі таңда Вашингтонның Мәскеудегі барлау көздерінің көп бөлігі жойылған",-деп жазды.
"Нью-Йорк Таймс" газетінің жексенбі күні АҚШ-тың қауіпсіздік дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Вашингтон мен Мәскеудің наурыз айындағы текетіресі мен екі ел дипломаттарын шығаруға қатысты қарымта әрекеттер барысында АҚШ-тың Ресейдегі бірқатар тыңшысы мен барлау дереккөздері елден шығарылып, жойылды.
Бұл америкалық газеттің мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың қауіпсіздік органдары өздерінің маңызды мағлұматтары мен деректерінің көп бөлігін Ресей Президенті Владимир Путинге жақын хабардар адамдар мен дереккөздерден алып отырған.
Алайда "Нью-Йорк Таймс" газетінің қауіпсіздік қызметкерлеріне сілтеме жасап жазуынша, кейінгі кезде Ресейден ақпарат жеткізіп отырған бұл тыңшылардың бәрінің жұмыстары біржолата тоқтап, АҚШ-ты қарбалас жағдайға түсірген.