АҚШ Иранның Халықаралық сотқа түсірген шағымына сылбыр реакция білдірді
АҚШ өкілі өзінің сылбыр реакциясында БҰҰ-ның Халықаралық сотының Иранның шағымын қарастырудағы біліктілігін теріске шығарды.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың өкілі Дженифер Ньюстид сейсенбі күні БҰҰ-ның Халықаралық сотын АҚШ-тың ислам республикасына заңсыз санкция жариялауына байланысты Иранның түсірген шағымын қарастыруда біліксіз деп атады.
АҚШ 2018 жылы 8 мамырда ядролық келісімнен біржақты және заңсыз түрде шығып, Иранға қарсы ядролық санкцияларды қайта күшіне енгізген соң Иран Халықаралық сотқа санкциялар екі ел арасындағы келісімді бұзды деп шағым түсірген болатын.
БҰҰ-ның Халықаралық сотындағы 1955 жылғы достық келісімінің бұзылуы туралы істі тыңдаудың алғашқы кезеңі Абдулқави Ахмед Юсуфтың басшылығымен тамыздың жиырма жетісі күні өтті.
Халықаралық соттың мәлімдемесіне сәйкес, Иранның АҚШ-қа қарсы уақытша шешім қабылдау туралы өтінішін қарастыру мақсатында төрт күнде төрт отырыс өтеді.