Жапония Солтүстік Кореяға қарсы АҚШ-пен бірігу қажеттігін қуаттады
Жапонияның Қорғаныс министрлігі Токионың АҚШ-пен Солтүстік Кореяға қарсы бірігуі қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Жапонияның Қорғаныс министрлігі жыл сайынғы есебінде АҚШ-пен бірігу және өзінің зымырандық қабілетін нығайту қажеттігін қуаттап: "Солтүстік Корея осы уақытқа дейін ядролық қарусыздану мақсатында айтарлықтай шара қолданбады",- деді.
Жапония Қорғаныс министрлігінің жыл сайынғы есебінде сондай-ақ, Токионың Жапонияда екі дамыған зымырандық жүйесін орнататыны туралы айтылған.
Осыған байланысты АҚШ Мемелкеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Солтүстік Кореяға сапарының күшін жойған болатын.
Солтүстік Кореяда басқарып отырған партияға тиесілі Rodong Sinmun газеті де дүйсенбі күні АҚШ-ты екіұшты әрекеті үшін айыптап: "АҚШ өтірік жымиып, бейбітшілік туралы уәж айтқанымен әскери шабуылға дайындалып жатыр",- деп жазды.
Бұл Ким Чен ын мен Дональд Трамп 2018 жылы 18 шілдеде Сингапурде өткен кездесу барысында Пхеньянды ядролық қаруды толығымен жойып, АҚШ-ты Солтүстік Корея үшін қауіпсіздік жөніндегі кепілдіктер беруге міндеттейтін құжатқан қол қойған жағдайда орын алып отыр.