Франция Парламентінің ғимаратынан барлық адам сыртқа шығарылды
(last modified Thu, 30 Aug 2018 07:05:50 GMT )
Там 30, 2018 13:05 Asia/Almaty
  • Франция Парламентінің ғимаратынан барлық адам сыртқа шығарылды

Дүйсенбі күні Франция Парламентінің депутаты Майер Хабибке тіл тигізген мәтін мен ақ ұнтағы бар конверт жіберілген соң бұл ғимараттың бір бөлігінен бір сағаттың ішінде барлық адам сыртқа шығарылды.

Jerusalem Post газеті порталының мәліметі бойынша, жіберілген хатта: «Сен француз емессің, сионист семіз шошқа» деп жазылған. Бұл оқиғадан кейін өрт сөндіретін 40 көлік пен 20 полиция офицері Францияның  Ұлттық ассамблеясына қарай аттанды. Операциялар аяқталған соң хаттың ішінде жіберілген ұнтақтың қауіпсіздігі анықталды. Париж полициясы оқиғаның себепкерлерін табу жұмыстарын жалғастыруда.

CRIF тобының бұрынғы орынбасары Майер Хабиб – Францияның еврейі.

2017-ші жылы Эмманюэль Макрон  Франция Президенті ретінде сөйлеген алғашқы сөзінде сионистерге қарсы кез келген әрекетті антисемитизм ретінде айыптаған болатын.