Вашингтон: Біз өз міндеттерімізді орындауымыз керек
https://itolqyn.com/news/world-i3886-Вашингтон_Біз_өз_міндеттерімізді_орындауымыз_керек
АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы: "Иран "Ортақ қадам" келісіміндегі өзінің ядролық міндеттеріне берік болды. Енді АҚШ-тың өз міндеттеріне берік болуы үшін санкцияларды бұзбастан Теһранмен сауда жасау жолын басқаларға үйретуі керек" деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 07, 2016 16:09 Asia/Almaty
  • Вашингтон: Біз өз міндеттерімізді орындауымыз керек

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы: "Иран "Ортақ қадам" келісіміндегі өзінің ядролық міндеттеріне берік болды. Енді АҚШ-тың өз міндеттеріне берік болуы үшін санкцияларды бұзбастан Теһранмен сауда жасау жолын басқаларға үйретуі керек" деді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Марк Тонер сәрсенбі күні ақпарат отырысында елдер мен шетелдік компанияларға санкцияларды жоюдың әсерлері және Иранмен сауда мәмімелерін жасау жайында кеңес берудің Вашингтонның міндеттерінің бір бөлігі екенін мойындап, бұл мәселенің санкцияларды айналып өтуді үйрету және оны құптау деген мағынаны білдірмейтінін айтты.

Ол Джон Керридің АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты міндеттеріне берік болуы туралы сөздеріне сілтеме жасап: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болғаны сынды АҚШ-та үкіметтер, банктер мен шетелдік компанияларға санкцияларды жоюдың әсерлері туралы кеңес беруге міндетті" деді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иранның долларды пайдалануға лайықты екенін, сондай-ақ, Иран өзінің ядролық міндеттеріне берік болғандықтан АҚШ-тың америкалық банктердің осы елмен доллармен мәміле жасауға мүмкіндік тудыруды көздеп отырғанын айтты.