АҚШ Пәкістанға 300 млн долларлық көмекті тоқтатты
(last modified Sun, 02 Sep 2018 09:02:16 GMT )
Қыр 02, 2018 15:02 Asia/Almaty
  • АҚШ Пәкістанға 300 млн долларлық көмекті тоқтатты

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Пентагон сенбі күні Пәкістанның АҚШ-тың аймақтағы стратегиясын қолдамауын сынап, осы елге бөлінген 300 млн доллардың берілмейтінін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл сома АҚШ Президенті Дональд Трамптың ағымдағы жылдың басында тоқтатып тастаған Пәкістанға бөлінген соманың бір бөлігі болып табылады. Америкалықтар Пәкістанның Ауғанстанда орналасқан лаңкестік топтарды қолдап, бұл елде лаңкестік пен бейберекеттіктің таралуына себеп болып отырғанын айтуда.

Бұл Ауғанстан халқы мен үкіметі америкалықтардың осы елде болуы тынышсыздық, лаңкестік пен есірткі өндірісінің артуына себеп болып отыр деп санайтын жағдайда орын алуда.