Джон Керри: "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру АҚШ-сыз да жалғаса береді
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық келісімінен шыққанын тағы сынға алып: ""Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру АҚШ-сыз да жалғаса береді",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джон Керри CBS арнасына берген сұхбатында Дональд Трамптың "Ортақ қадамды" жаман келісім деп атағанына тоқталып: "Бұл сөз "Ортақ қадамның" жаман болуына себеп болмайды",- деді.
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы бірде-бір мемлекеттің Иран секілді "Ортақ қадам" шеңберіндегі міндеттемелерін жүзеге асырмағанын айтып: "Бұл келісім инспекциялар, жауапкершілік және Иранның орындауы тиіс шарттары тұрғысынан ең қатал келісім саналады.
АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін Ресей, ҚХР, Франция, Германия мен Ұлыбритания бірігіп, оны сақтап қалуға талпыныс жасап жатыр",- деді.