Трамп лаңкестердің Сирияда сәтсіздікке ұшырағанына алаңдап отыр
Сирия Армиясы өткен екі жылда одақтастарымен бірге Сирияның әртүрлі аймақтарында лаңкестік топтармен күресіп, аймақтарды азат етуде табысқа жетті.
Лаңкестер сәтсіздіктерін мойындап, Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысына ауысты. Қазір Сирия армиясы мен одақтастары лаңкестердің соңғы мекені Идлибті азат ету операциясына дайындалуда. Бұл мәселе Батысты, әсіресе АҚШ-ты қатты алаңдатты. Осы салада АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке лаңкестердің Сирияда толық сәтсіздікке ұшырауына алаңдаушылық білдірген үндеуінде: "Сирия армиясы Идлибке шабуыл жасамауы керек",- деп қуаттады. Трамп Твиттерде: "Сирия Президенті Башар Асад Идлиб облысына шабуыл жасамауы керек. Идлибке қарсы әскери шабуыл апатқа айналуы мүмкін",- деп жазды. Трамп мәлімдемесінде Иран мен Ресейден үлкен қателік жасамауды сұрады. АҚШ пен одақтастары Сирия армиясының Идлибке жасайтын алдағы шабуылына қарсы кеңістік тудыруда. Олар егер Сирия армиясы Идлибке қарсы химиялық қару қолданса, Сирияға шабуыл жасаумен қорқытты. Сол себепті лаңкестік топтар Идлибте әсскери әрекеттер басталса, Сирия армиясы химиялық қару пайдаланды деген шу шығарып, батыстықтарға шабуыл жасау үшін қажет жағдай тудыруға дайындалуда.
Ресей Қорғаныс министрлігі тамыздың 25 күні: "АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияда химиялық шабуыл жасалды деген қастандық аясында Сирияға қайтадан шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде",- деп мәлімдеді. Сирия армиясын химиялық қару пайдаланумен айыптау қоғамдық ой-пікірді бұрмалау мен Батыстың шапқыншы әрекеттерін ақтау үшін жасалып жатқан іс деген ой туады. Сириядағы дағдарыс пен азамат соғысы АҚШ пен оның еуропалық және араб одақтастарының лаңкестік топтарды қолдауымен 2011 жылы басталды. Үш Батыс мемлекеті батыс-араб коалициясын бастап, әртүрлі қарулы лаңкестік топтарды пайдаланып, оларға жан-жақтан қолдау жасап, Сирияның заңды, яғни Башар Асад үкіметін құлатуды мақсат етті. Олардың негізгі мақсаты аймақтағы қарсыласудың негізгі шебі Сирияға соққы беру болды. Олар Сирия үкіметі құласа, аймақтың қарсыласу қозғалысы әлсірейді деп ойлады. Бірақ, азамат соғысы оларды мақсаттарына жеткізбеді. Қазір Сирияның жағдайы Сирияның заңды үкіметі мен одақтастарының мүддесіне сай. Қазір лаңкестік топтардың жағдайы толығымен әлсіреген. Сирия үкіметі Ресей, Иран және Хизболламен бірге Идлиб облысындағы жеңістер үдерісін толықтыруды мақсат етуде.