БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы – Трамптың Иранға қарсы жарнамалық қойылымы
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілдігі бір мәлімдемесінде: "Халықаралық заңдарды бұзатын ең ірі ел АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін өзінің біржақты жобаларын ілгерілету үшін теріс мақсаттарда пайдаланады",-деп мәлімдеді.
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілдігі сәрсенбі күні АҚШ-тың осы халықаралық ұйымдағы өкілі Никки Хейлидің Қауіпсіздік кеңесінің Иран тақырыбындағы отырысы жайлы сөздеріне реакциясында: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүшелігі мен оның кезеңдік басшысы екенін теріс пайдаланып, бұл ұйымға біржақты шешім таңуды көздеп отыр. Бұл шара халықаралық қатынастарда зорлық көрсетіп, үрей тудыру және әлімжеттік жасау саналады",-деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің АҚШ Президенті Дональд Трамп төрағалық ететін отырысы 2018 жылдың қыркүйек айының 26 күні өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл шара Трамп Ақ үйге келгеннен кейін АҚШ-тың Иранға жауластығы арта түскен жағдайда жоспарланып отыр. Трамп кез келген мінберді пайдаланып, Иранды Таяу Шығыс аймағында дағдарыс пен тұрақсыздық тудырушы деп таныстырып, Ираннан үркіту толқынында әрекет етіп, өз мақсаттарын ілгерілетуге талпыныс жасап жатыр. АҚШ-тың біржақты негізде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы және Иранның аймақтағы қатынасын өзгертуге талпыныс жасауы Трамп пен одақтастарының ортақ талпынысы болды. АҚШ басшылары бұл жолда кез келген уәжді пайдаланып, өз кінәсін өзгеге жауып, әлімжеттік жасау арқылы Таяу Шығыс аймағындағы басты тақырыпты, яғни сионистік режимнің палестиналықтардың туған жерін басып алуын шетте қалдыруға талпынып, бітімшіл арабтардың әріптестігімен осы жалған режимнің қауіпсіздігін сақтауды көздеп отыр. АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшірілуі мен енді Палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыстарды үйлестіру агенттігін жоюға (UNRWA) тырысуды "Ғасыр мәмілесі" деп аталатын сұрқия жобаны орындау аясында бағалауға болады. Трамп Ираннан үркітуді Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдерінен баж алу үшін қолдануға күш салып жатыр.
Мұнымен қоса, АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін әртүрлі елдердің Иранмен экономикалық әріптестіктің тоқтатылуынан қорқуы АҚШ-тың біржақты әрі зорлықшыл саясат ұстанып отырғанын көрсетеді. Бұл жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген шынайы қатер болып табылады.
Трамп үкіметінің Иран қарсы қысымдарды арттыру үшін жасап жатқан барлық талпынысы АҚШ-тың әлемдегі тәуелсіз әрі жауапкершілікті сезінетін ел ретіндегі Иранмен жауластығының шарықтау шегін көрсетеді. Иран АҚШ-тың бүлдіргі саясаттарын түйткілге ұшыратты.
Иран бірнеше мыңжылдық өркениеті, мәдениеті және тарихымен әлемде бейбітшілікті қалайтын ел ретінде танылған. Оның қатынасын өзгертуге талпыныс жасаудың жауластықтан басқа мақсаты жоқ. Бұл Дональд Трамп билігі кезінде өзінің шарықтау шегіне жетті.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2018 жылдың 13 тамызында Иран халқының әртүрлі әлеуметтік топтарына жататын мыңдаған адаммен кездесуінде АҚШ басшыларының соңғы айларда шектен шығып бара жатқандарына тоқталып: "Олар бұрын өз сөздерінде саяси-дипломатиялық әдепті сақтайтын, бірақ АҚШ режимінің қазіргі басшылары әлеммен өте дөрекі әрі әдептен озып сөйлейді. Олар ұяттан мүлдем айырылғандай",-деді.
Трамп үкіметінің Иранға қарсы саясаты бұл елмен жауласып, оның ішкі ісіне араласудан басқа ештеңе емес. Алайда, ИИР өткен 40 жылда АҚШ-тың алдында бір қадам да кері шегінбей, аймақта өз ықпалы мен қуатын күн сайын арттырып келеді.